September 30, 2019

«2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы туралы»

Әкімдіктің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 509-1301 Қаулысының негізінде Нұр-Сұлтан қаласында 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымы 2019 жылғы 30 қыркүйекте басталды.

Жылу беру маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Терпературалық режим бекітілген режимдік картаға сәйкес ұсталады.

ЖЭО-1-де жылу энергиясын өндіру 1 530 Гкал/тәулікті құрайды. Станцияның электр жүктемесі – 8 МВт/сағат өз қажеттіліктері үшін.      ЖЭО-1-де көмірдің қоры – 77 270 тоннаны құрайды (183% немесе 36 күн 20 тәуліктік қордан 42 240 тонна), мазут – 5 355 тонна. Анықтамалық: жұмыста 2 турбоагрегат, 2 энергетикалық қазандық бар. Резервте 7 су жылыту қазандықтары бар. 1 энергетикалық қазандық және 1 турбоагрегат қайта жаңартылуда. Тікелей желілік судың температурасы – 68 0С, кері – 47 0С.

ЖЭО-2-де жылу энергиясын өндіру 14 898 Гкал/тәулікті құрайды. Станцияның электр жүктемесі – 375 МВт/сағат. ЖЭО-2-де көмірдің қоры – 288 526 тоннаны құрайды (142% немесе 29 күн 20 тәуліктік қордан  203 660 тонна), мазут – 2 731 тонна. Анықтамалық: жұмыста 4 турбоагрегат,    5 энергетикалық қазандық бар. Резервте 2 энергетикалық қазандық және 6 су жылыту қазандықтары бар. Жөндеуде 1 турбоагрегат (т.а. ст. №2 – жұмыстарды аяқтау мерзімі – ағымдағы жылғы 20 қазан). Тікелей желілік судың температурасы – 71 0С, кері – 44 0С.

2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 3 қазан аралығында «Астана-Энергия» АҚ бойынша І, ІІ-дәрежелі авариялар мен істен шығулар тіркелген жоқ.

Анықтамалық: ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жиынтық қолда бар электр қуаты 475 МВт құрайды, оның ішінде: ЖЭО-1 – 15,4 МВт, ЖЭО-2 – 460 МВт. Жиынтық қолда бар жылу қуаты 2 529,2 Гкал құрайды, оның ішінде: ЖЭО-1 – 729,2 Гкал, ЖЭО-2 – 1 800 Гкал. Аудандық қазандықтардың қолда бар қуаты – 34,04 Гкал.   

«Астана – Теплотранзит» АҚ желілері бойынша 2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 3 қазан аралығында І, ІІ-дәрежелі авариялар мен істен шығулар тіркелген жоқ.

«Астана – АЭК» АҚ желілері бойынша 2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 3 қазан аралығында І-дәрежелі авариялар мен істен шығулар тіркелген жоқ, ІІ-дәрежелі істен шығулар – 3.

 

Нұр-Сұлтан қаласының жылыту жүйесін іске қосу

Нұр-Сұлтан қаласы Барлық объектілер Жылыту

іске қосылды

Іске қосу %
Денсаулық сақтау объектілері 49 49 100
бөбекжай-бақшалар 86 85 99
мектептер 76 76 100
оқу орындары 69 47 68
мәдениет объектілері 18 18 100
тұрғын үй 2 508 2 507 100
жеке үйлер 1 204 1139 95
басқалар 2 080 1338 65
Жиыны 6 090 3 009 86

 

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Миссияны

басқару

August 8, 2018

666

August 8, 2018

555

August 8, 2018

444

August 8, 2018

333

August 8, 2018

222

August 8, 2018

111

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы